«Хоббика» – бақша-саябақ жиһазының өндірісі
Кіру немесе тіркелу
Санкт-Петербург 
+7 812 649-03-73
күнделікті 9:00 бастап 19:00 дейін
Мәскеу және аймақтар
Себетте тауарлар жоқ

Жиі қойылатын сұрақтар

Тікелей менің телімімде жиһазды жинауға бола ма?
Ия, болады. Мұндай қызметті менеджермен талқылау керек, әйтпесе сізге осы қызметті көрсетуде бас тартуы мүмкін.
Сіздің тауар өндірушісі кім?
Сізге ұсынылған тауарлар "Хоббика" (Ресей)  фабрикасында өндірілген
Өнім дайындау мерзімі қандай және ол неге тәуелді?
Дайындау мерзімі бұйымдар санына, өндіріс жүктемесі мен жыл маусымына байланысты. Минималды жеткізу мерзімі бір күн. Орташа алғанда өндіріс 3-14 күнді қажет етеді.
Жеткізу құны қандай?
Жеткізу құны туралы ақпарат «Жеткізу» бөлімінде қол жетімді
Қандай уақытта тауар жеткізілуі мүмкін?
Жеткізу менеджермен келісілген уақытта, әдетте 10 және 20 сағат аралығында жүргізіледі.
Тауарды өзіме қайдан алып кетуге болады?
Тауарды сіз өндірісте, қоймада, біздің сауда нүктелерінде немесе аймақтық қоймада алып кете аласыз. Өту сұлбасын сіз сайтта «Байланыстар» бөлімінде жүктей аласыз, ал сіздің келу уақытына қатысты алдын ала келісу  керек.
Тауарды жеке тұлғаға басқа аймаққа жөнелтуге бола ма? Бұл жағдайда ақысын қалай төлейді?
Ия, мүмкін. Төлем жасау сұлбасы: сіз тапсырыс жасайсыз (менеджермен саны мен үлгісін талқылайсыз), біз сізге шот ұсынамыз, сіз оны коммерциялық банктің немесе ЖИНАҚ БАНКІНІҢ кез келген бөлімшесінде төлейсіз, тауар дайын болған кезде, біз оны көліктік компанияға жібереміз. Көліктік қызметтер үшін сіз тауарды қабылдаған кезде тасымалдаушы фирмаға төлейсіз.  
Сізде аймақтарға жеткізу қызметі бар ма?
Ия, бар. Аймақтарға жеткізу көліктік компаниялармен жүзеге асырылады, көліктік компаниялар қызметінің ақысын жүк қабылдаған кезде сатып алушы төлейді. Көліктік компания терминалына дейін жеткізу бойынша біздің қызметтер құнын «Жеткізу» бөлімінде нақтылауға болады.  
Менің аймағыма тапсырыс жіберу үшін, көліктік компания үшін тауардың көлемі мен салмағы керек, мен оны қалай біле аламын?
Бірнеше нұсқа бар: · Тізімдемеде, әр тауардың жанында оның көлемі мен салмағы жазылған. Алынған шамаларды қосып, есептеуге болады. · Сіз үшін барлық есептеулерді жүргізетін менеджерге хабарласуға немесе электронды пошта бойынша хат жазуға болады.
Құрастыру отырғыштар құнына кіре ме?
Отырғыштар бөлшектенген күйінде жеткізіледі, құрастыру бұйым құнына кірмейді.
Отырғыштар мен үстелдерді құрастыру бойынша нұсқаулық бар ма?
Құрастыру бойынша нұсқаулықпен біздің әр бұйым қамтылады. Егер қандай да бір себептер бойынша сіз оны анықтамасаңыз, сіз оны біздің сайттан жүктей аласыз.  
Құрастыру құны қанша тұрады?
Бұл жеке төленетін қосымша қызмет. Құрастыру құны бұйымқұнының 10% құрайды.
Мен өздігінен отырғышты немесе бақша үстелін құрастыра аламын ба және бұл үшін қандай құралдар қажет?
Ия, құрастыра аласыз. Отырғыштар мен үстелдерді құрастыру арнайы машықтарды қажет етпейді. Отырғыштар мен үстелдерді құрастыру үшін кілттер мен бұрғы қажет болады. Қолайлылық үшін сәйкес  саптамалары бар бұрамабұрғышты пайдалануға болады.
Отырғыштарды және қоқыс салғыштарды объектіде саябақта орнатуға бола ма?
Ия, болады. Мұндай қызмет менеджермен келісуді талап етеді, әйтпесе сізге қызмет көрсетуде бас тартуы мүмкін.
Ұрлап кетпеу үшін отырғыштарды/қоқыс салғыштарды қалай бекітуге болады?
Оны бұрандалар көмегімен негізге бекітуге болады немесе бетондауға болады. Салмағы 300 кг тартатын шойын отырғыш сатып алуға болады және оны ешкім ұрлай алмайды.
Қандай түстер мен өлшемдер бар?
Түстер нұсқаларын «Ықтимал түстер» бөлімінде қараңыз.
Маған стандартты отырғыш көлемі жарамайды, стандартты емес өлшемге тапсырыс беруге бола ма?
Ия, болады, бұл жағдайда құны сіздің өлшемге ең жақын, үлкен өлшемнің құны бойынша есептеледі.
Сіз таңдауға ұсынған түстер мені қанағаттандырмайды, мен өндіріске басқа түс ұсына аламын ба?
Ия, ұсына аласыз, мұнай бұйымды дайындау құнын менеджермен талқылау керек. Тағы бір нұсқа бар, оған сәйкес, біз боялмаған бұйымды сатамыз және сіз оны қажет түске бояйсыз.  
Ал дәл сондай қылып, бірақ «меруерт түймелер» қосуға бола ма?
Әркез емес! Кейде түймелер бекітен жер болмайды.
Қандай ағаш пайдаланылады және ағаш діңгектер немен қапталған?
Өндірісте біз қылқанды ағаш тұқымдарын пайдаланамыз, олар екі қабаттап қорғаныс сіңдірмелерімен және қайық лагымен қапталады.
Отырғыштар өндірісінде қолданылатын діңгек өлшемі?
Біз бұйымның қажетті беріктігі қамтамасыз етілетін және дизайн мен сыртқы түрі бұзылмайтын діңгектердің оңтайлы өлшемін қолданамыз. Діңгек өлшемі 30х60.
Егер менде ағаш діңгек сынса, не істеуім керек?
Бізге хабарласыңыз немесе алмастырыңыз.
Болат отырғыштар өндірісіндегі металл профиль өлшемі?
Біз әр түрлі металл бұйымдарды пайдаланамыз. Бұл құбырлар, профиль, бұрыш, жолақ. Әр бұйым үлгісіндегі металл бөлшектердің түрі мен көлемі әр түрлі.
Металл бөліктер немен қапталған?
Біздің бұйымдардың металл бөлшектері ашық ауада пайдалануға төзімді, арнайы лак-сыр материалдарымен қапталған. Бояу тозаңдату әдісімен және кейін арнайы камераларда ыстық кептірумен жүргізіледі.
Сіз қандай жеңілдіктер ұсынасыз?
Жеңілдік көлемі тауар сипаттамасында көрсетілген, ол сатып алынатын бұйымдардың санына тікелей байланысты. Сатып алынатын бұйымдар санынан тәуелсіз жеңілдіктер зейнеткерлерге, ардагерлерге, көп балалы отбасыларға және сұлу қыздарға ұсынылады.
Сізде акциялар мен көтерме сатылымдар бола ма және қашан?
Ия, болады, әдетте, бұл біздің дүкендегі үлгілердің көтерме сатылымы. Сонымен қатар маусымдық көтерме сатылымдар болуы мүмкін. Біздің сайттағы тауарлар тізімдемесін қадағалаңыз, егер көтерме сатылым болса, сәйкес бөлім құрылады.
Сайтта қалай тапсырыс жасауға болады?
«Шерту» арқылы тауар таңдау керек. Тауардың фотосуреті астында сіз «себетке» батырмасын көресіз, оны басасыз, санын таңдаймыз, міндетті нысанды толтырамыз (ТАӘ, тел. және т.б.). Түсініктемеде түс пен басқа ақпаратты, мысалы сізге барудың қолайлы жолы туралы ақпаратты, мысалы, GPS координаталарды көрсетеміз.
Отырғыштар қалай қапталған?
Отырғыштардың құрамдас бөліктері картонға немесе ауа-көпіршікті қабықшаға қапталған.
Егер мен тауарды қыста сатып алып, бірақ жазда оны құрастырсам және ақаулық анықтамасам, не жасауым керек?
Бізге хабарласыңыз, өз тапсырысыңыздың нөмірін хабарлаңыз, біз міндетті түрде ақаулы бұйымды алмастырамыз.
Отырғыштың қызмет ету мерзімі қандай?
Бұйымды дұрыс пайдаланған кезде және сервистік қызмет көрсету жүргізген кезде қызмет ету мерзімі 25 жылға жетуі мүмкін.
Тауардың кепілдікті мерзімі қандай?
Кепілдікті мерзімі  РФ заңнамасына сәйкес 6 ай.
Отырғыштар жөндеусіз қанша уақыт тұрады немесе отырғыштардың/үстелдердің/қоқыс салғыштардың лак-сыр жабынын қашан жаңарту керек?
Барлығы орнатылған жер мен пайдалану тәртібіне байланысты. Егер отырғыштар жеке үй бақшасында орнатылса және сіз отырғышты қысқы уақытта жинап қойсаңыз немесе оның қабықшамен жауып қойсаңыз, ол метрода немесе қоғамдық орында орнатылған отырғышқа қарағанда ұзақ пайдаланылады. Қалыпты пайдалану кезіндегі орташа қызмет ету мерзімі кем дегенде 3 жыл. Сонымен қатар, отырғышты максималды бастапқы күйіне келтіру үшін, отырғышты бояп, ағаш діңгектерді ауыстыру және тіреулер жабынын жаңарту керек. Бұл жаңа отырғыштардың сатып алынуын қажет етпейтін үнемді нұсқа. Бұл тұрғыда біздің бұйымдар импорттылармен салыстырғанда өте оңтайлы.
Отырғыштарға қалай дұрыс күтім жасау керек?
Отырғыш үшін тура күн сәулелері мен жаңбырдан қорғайтын аспа мінсіз орын болады, және көлеңкеде құрғақ отырғышта демалу жағымды. Егер отырғышта ешқандай аспа болмаса және қыста ешнәрсемен жабылмаса, біз лак-сыр жабынын 1-2 жылда бір рет жаңартуды ұсынамыз.
Отырғыштарды қайда қарауға және оларда отырып көруге болады?
Ақпарат біздің сайтта «Байланыстар» бөлімінде қол жетімді, егер біздің серіктестер бар қалалар тізімінде сіз өзіңізді таба алмасаңыз, біздің менеджермен хабарласыңыз немесе электронды пошта бойынша хат жазыңыз, біз міндетті түрде сізге көмектесеміз.
Сіз шам бағаналарын, қоршаулар мен дуалдарды орнатумен айналысасыз ба?
Біз шам бағаналарын, қоршалар мен дуалдарды орнатумен айналыспаймыз, біз тек оларды өндіреміз. Бұл бұйымдарды орнату – бұл жеке қызмет, мұнымен құрылыс ұйымдары айналысады. Бәлкім, біз осы саладағы үздіктерді білетін шығармыз, хабарласыңыз, кеңес береміз.
Отырғыш қанша отыру орнына есептелген?
Отырғышта бір адамды ыңғайлы орналастыру (отыру) үшін 60 см қажет.
Отырғыш қандай максималды жүктемеге төзеді ?
Максималды жүктеме нақты үлгіге байланысты, мысалы, сәкіде ол кем болады, шойын отырғышта үлкенірек. Жалпы, біздің отырғыштар есептік адамдар санына төзетіндігін мәлімдеуге болады, мысалы, егер отырғыш екі адамға есептелсе, ол, өте үлкен болса да,екі адамға төзеді.
Сізде менің аймағымда дилерлер бар ма?
Біздің дилерлер, негізінен, Ресейдің барлық федералды орталықтарында бар, егер сіз өз аймағыңызда дилер таба алмасаңыз, бізге хабарласыңыз, бәлкім, сіз біздің серіктеске айналарсыз.
Отырғыштарды қыста далада сақтауға бола ма?
Ия, болады, егер сіз оның үстінде отыруды жоспарламасаңыз, оның қабықшамен қаптау жеткілікті.
Ең танымал отырғыштар үлгілері қандай?
Біздің өнімдердің ең танымал үлгілері «Сатылымдар хиты» арнайы затбелгісімен белгіленген, дегенмен барлық үлгілер дерлік біркелкі жақсы сатылады. Өте нашар сатылатын отырғыштар үлгілерін біз өндірістен алып тастаймыз.
Rambler's Top100